Астана қаласының соты ресми сайтын әлдебіреулер бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық соттың мәліметінше, шамамен 10 минут бұрын сайтта Гүлмира Сатыбалды ісіне шыққан апелляциялық үкім жайлы хабарлама жарияланған.
Мекеменің мәлімдеуіне сенсек, бұл сенімді ақпарат емес.
«Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз» деп өтінеді соттан.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Астана сотының ресми сайтына сілтеме жасай отырып, Гүлмира Сатыбалдыға шыққан үкім апелляциядан кейін өзгеріссіз қалғанын хабарлаған едік.