$ 494.87  520.65  4.91

Отбасы банк клиенттерінің жеке мәліметтері желіде жарияланып кеткені рас па?

Осыған орай банктің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Желіде "Отбасы банк" клиенттерінің жеке деректері жарияланды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған орай банктің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Банктің мәліметінше, жүйде ешқандай ақау болмаған.

"Банкте клиенттердің жеке деректерінің сақталуы - алғышарт. Біз жеке деректерді және ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың бүкіл талаптары мен нормаларын қатаң сақтаймыз. Сәйкесінше, Отбасы банкіндегі деректердің сыртқа жарияланып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды Сондай-ақ, банкте IT жобалар жұмысында іркіліс болған жоқ. Банк қалыпты жұмыс істеп тұр", – делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары