$ 443.44  480.51  4.88

«Ол сондай мықты емес»: Бұрынғы қарсыласы Шавкат Рахмонов туралы мәлімдеме жасады

Шынына келгенде ол түкке тұрмайды.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Шавкат Рахмоновқа есе жіберген UFC файтері Джефф Нил қазақстандық спортшымен өткізген жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2023 жылдың наурызында UFC 285 тунирінде Рахмонов үшінші раундта Нилді қылқындыру әдісімен жеңіп кеткен еді. Америкалық спортшы қазақстандықтың қабілетін дұрыс бағаламағанын айтады.

"Мен ешкімге салғырт қарамау керегін түсіндім. Бәрі Шавкатты мақтайтын, ал мен бұл хайпқа сенбедім. "Құрысын! Ол сондай мықты емес. Шынына келгенде ол түкке тұрмайды" деп ойладым. Бірақ Рахмоновпен жекпе-жекке салмақты қарауым керек еді. Ол мен ойлағандай осал болмай шықты. Мықты жігіт екен. UFC-де әр жекпе-жек қауіпті. Мен ақымақтық жасадым", – деді Нилл Middle Easy-ге берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары