$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бейтаныс адамнан таяқ жеген қыздың жағдайы белгілі болды

Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адам ұрғаннан кейін қозғала алмай қалған қыздың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер толық тексергенен кейін ол ауруханаға жатқызылды. Есін біледі.

«Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ол бүкіл қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары