«Ислам мемлекті» лаңкестік ұйымының содырлары Ирактың Мосул қаласында 10 және 12 жастағы екі баланың қолын шауып тастады. Жасөспірімдер тұтқындағы екі адамды отбасының көзінше өлтіруден бас тартқаны үшін осылай жазаланып отыр. Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлады.
Жазаланған екі жасөспірім де лаңкестердің лагерінде арнайы жаттығудан өткен. Олардың ата-аналары да ДАИШ мүшелері дейді тілшілер.
Айта кетейік, «Ислам мемлектінің» кішкентай балаларға арналған арнайы лагерлері бар. Онда балғын балаларды діни фанаттарға айналдыру үшін арнайы мамандар жұмыс істейді. Өскеннен кейін олар жанкештіге немесе баскесерге айналып шыға келеді.
Мәселен, 2016 жылдың ақпанында лаңкестер кішкентай содырдың тұтқынды қалай өлтіріп жатқаны түсірілген бейнероликті интернетке жүктеген болатын. Ал, 2015 жылдың шілдесінде 12-13 жасар 25 баланың 25 тұтқынды арқасынан атып жатқан сәті де әлеуметтік желілерде тарап кетті.