$ 498.34  519.72  4.85

Терроризмге қарсы күрес: Елімізде соңғы уақытта «жалған терроризм» жиіледі

2021 жылы «бомба қойылды» деген хабарлама үшін 77 қылмыстық іс қозғалса өткен жылы 193 дерек тіркелген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Яғни, қандайда бір ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарататындар азаймай тұр. Полиция қызметкерлері осылай деп дабыл қағып отыр. Жауапты органның дерегінше, 2021 жылы «бомба қойылды» деген хабарлама үшін 77 қылмыстық іс қозғалса өткен жылы 193 дерек тіркелген. 

Күні кеше ғана Қостанайда бірнеше жерде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады. Тіпті қаладағы балабақшалардың біріне мина қойылды деп, 100-ге жуық бүлдіршін мен тәрбиешілер мына қақаған аязда далаға шығуға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлері қоңырауларды мұқият тексеру барысында, оның барлығы жалған екенін анықтады. 

«Қоңырау жалған болып шықты. Полиция 273-бап бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады»,-дейді Қостанай облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Разия Байтенова.

Тағы юір адам адам мас күйінде балалардың ойын алаңына «жарылғыш зат» қойылды деп, басы бәлеге қалды. Қазір сол әрекеті үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Мас болғандықтан, не үшін мұндай әрекетке барғанын полицияға түсіндіре алмады. 

«Мен неге бұлай жалған қоңырау шалғанымды білмеймін. Ақымақтығым үшін қазір қатты өкінемін. Мәнсіз әрекетім арқылы өзгелермен қатар өзіме де зиян тигіздім. Қазір жазамды өтеп жатырмын», - деп өкінішін білдірді сотталушы.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерінің айтуынша, жалған ақпарат үшін темір торға қамалады. Мұндай анонимді қоңырауды көбінесе жасөспірімдер хабарлайды, - дейді. Жалған террористер көбінесе мектеп, балабақша, ауруханалар мен әуежайларды аяғынан тік тұрғызады. Ақпараттың анық қанығынан бұрын адамдардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан мұндай жағдайда бірінші адамдарды дереу эвакуациялау жүргізіледі. 

«Қалай болғанда да, біз бұл тұлғаны анықтаймыз. Бұл шетелдік компаниялардың, арнайы қызметтердің және басқа да мемлекеттік органдардың сұраныстарын орындау үшін белгілі бір уақытты қажет етеді. Кейде жекебасын анықтау қиынға соғып жатады», - деп түсіндірді ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің аға жедел уәкілі Азамат Хасенов.

Алайда жауапкершіліктен құтылу мүмкін емес. Құқық қорғау органдары мұндай қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ шамамен 17 миллион теңге айыппұл төлеу көзделген. Ал жалған қоңырау шалған адам кәмелетке толмаған болса, онда оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары