$ 440.92  475.36  4.82

Президент: Астана – өзгерістердің қайнаған ортасы

Бұл жерде жалпыұлттық бірегейлігіміздің жаңа қырлары мен ұлттың жаңа сапасы қалыптасады.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Астана  мол мүмкіндіктер қаласы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алайда қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, барлық реформамыздың мәні болмайды. Бұған кәміл сенемін. Қазақстанның орнықты дамуы үшін дүниетаным парадигмалары түбегейлі өзгеріп, адамдардың мінез-құлық моделі жаңаруы қажет. Сондықтан мен жастарға, қалалар мен елорданың жас тұрғындарына үлкен үміт артамын.

Астана – жас әрі мақсаты асқақ қала. Ұлан-байтақ еліміздің әр аймағынан келген азаматтарымыз қалада тұрақтап қалуға тырысады. Талай жастың елордада бағы ашылды, олар өмірден өз орнын тапты. Бүгінде Астана – мол мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әрбір азамат өз әлеуетін пайдаланып, мансап жолында жетістікке жетіп, өзінің арман-мақсатын жүзеге асыра алады, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Астана – өзгерістердің қайнаған ортасы, түбегейлі жаңғырулардың асыл діңгегі. Бұл жерде жалпыұлттық бірегейлігіміздің жаңа қырлары мен ұлттың жаңа сапасы қалыптасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары