05.07.2023, 13:00

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамауға алынды

Фото: Zakon.kz
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тарту – әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қатардағы Нұрасыл Болатқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Оқи отырыңыз: «Балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткен» - Дәулет Тұрлыханов ұлына араша түсті

Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашқан ұлы жазалана ма

Сот 2 шілдеде әскери бөлімнің әскери қызметкері қатардағы жауынгер Нұрасыл Болаттың Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болғанын анықтады.

Алайда ол оған бөлімше командирінің лейтенант А. берген бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартып, Әскери полиция басқармасының ғимаратына келген автокөлікпен белгісіз бағытта кетіп қалған, - делінген сот хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды

Заңгер: Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен

Сот Нұрасыл Болатты ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.