06.07.2023, 15:30

«Ертіс-Орманы» орманшылығында өрт шықты

Фото: Әлихан Сариев
Өртті орман шаруашылығы күштері сөндіріп жатыр.

Орман шаруашылығы қызметкерлері "Ертіс Орманы" орманшылығындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

6 шілдеде сағат 10.05-те Шарбақты ауданындағы "Ертіс-Орманы" орманшылығында (Шалдай орманшылығы, №107 орам) ауданы шамамен 1,4 гектар құрғақ шөп жанды.

Орман шаруашылығының 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы периметрі бойымен жерді жыртып, өртті қоршады. Елді мекендерге өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті орман шаруашылығы күштері сөндіріп жатыр.