$ 441.58  480  4.86

Уимблдон-2023: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты

Бұл қос спортшының алғашқы кездесуі еді.
фото: KTF
фото: KTF

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Ktf.kz. 

Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.

Бұл қос спортшының алғашқы кездесуі еді. Бултер өз елінде өнер көрсетіп жатқандықтан, барын салатыны әрі жергілікті жанкүйерлердің оны жақтайтыны түсінікті болатын.

Лондонда тағы да жаңбыр жауғандықтан, орталық корттағы матчтың өзі уақытынан әлдеқайда кешігіп басталды.

Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары