$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жасөспірімнің басына оқ атқан

Күдікті, Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды POLISIA.KZ

8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Күдікті, Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары