$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бірқатар өңірінде сынап бағаны 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылғаны нақтыланады.
Фото: pexels
Фото: pexels

Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық пен жаңбыр жауады деп болжанады. Азаматтық қорғау органдары ауа райының болжамды жағдайларына байланысты жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел қырқын алады.

8-9 шілдеде республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Бүкіл кезеңде сынап бағаны батыста, 9-10 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады деп болжанады, делінген хабарламада.

Осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылғаны нақтыланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары