ШҚО-да бір күнде адам шығынына әкелген 2 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кеңсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.
Келесі жол-көлік оқиғасы 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.
Полиция хабарлауынша, екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады, - деді полиция өкілдері.