$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін белгілі жазушы Әуезхан Қодардың дүниеге келген күні

1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы болған.
фото: adebiet.portal
фото: adebiet.portal

65 жыл бұрын (1958-2016) жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Әбдіраманұлы ҚОДАР дүниеге келген.

Ол Қызылорда облысында туған. 1982 жылы С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1982-1985 жылдары – Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, 1989-1994 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакторы бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті болды.

1997-1998 жылдары Неміс театр академиясында философия тарихынан дәріс берді. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы болған. 1999-2001 жылдары – Сорос-Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. 2002 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі. 2006 жылдан «Еуразиялық зерттеулер институты» Ресей-Қазақстан қоры бас директорының кеңесшісі. 2006 жылдың мамырынан Мәдени саясат және өнертану институтының директоры.

«Парасат» орденімен марапатталған. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Қазақ тіліне Е. Замятиннің «Аттила» драмасын, М. Хайдеттер, Х. Гасеттің философиялық еңбектерін, Швиттерстің өлеңдерін, орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары