$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Саиров: Заңның басты мақсаты – онлайн-платформа және онлайн-жарнама мәселелерін құқықтық реттеу

Заңның басты новеллалары онлайн платформаларды реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

«Онлайн-платфмормалар және онлайн-жарнама» туралы заңның міндеті – әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, адамдарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан азаматтарымызды қорғай отырып елімізде саяси сеператизм мен экстремизмнің алдын алу. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заң жобасы жұмыс тобының басшысы Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.   

Басты мақсат – онлайн-платформа және онлайн-жарнама мәселелерін құқықтық реттеу. Заң онлайн-платформалардың жұмысын Қазақстан Республикасының заң аясында жүйелендіріп, әлеуметтік желі қолданушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық айналымына енгізе отырып, осы саланы мемлекеттік реттеудің негіздерін қалыптастырады. Заңның міндеті - әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, азаматтарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан Қазақстанның азаматтарын қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу. Заңның басты новеллалары онлайн платформаларды реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, - деді ол.

Ерлан Саировтың айтуынша, заңды қабылдау жұмыс тобына Мәжіліс депутаттарымен қатар мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы өкілдері, әлеуметтік желі қолданушылары кірген.

Еске салсақ, кеше  Мемлекет басшысы «Онлайн-платфмормалар және онлайн-жарнама» туралы заңға қол қойды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары