$ 494.87  520.65  4.91

Таразда РФ азаматы есірткі өсірген

Мұнымен қоса, үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Таразда есірткі өндіретін фитолабораторияның жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Күдікті ретінде Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты мекенжайына тінту шаралары жүргізілген.

Тексеру барысында бақшада көлік шинасынан 4 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ, қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтады. Онда 2 каннабис бұтасы табылған. Мұнымен қоса, үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылды.

Арнайы операция барысында жалпы салмағы 2400 грамм каннабис өсімдіктерінің 6 бұтасы, 113 грамм кептірілген марихуана тәркіленеді.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен, яғни, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу, өсіру, қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бап 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, болмаса 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не айырумен жазаланады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті ескірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары