$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бірнеше жеке үйдің шатыры өртенді

Үш үйдің шатырындағы өртті сөндіру барысында екі адам құтқарылып, газ баллоны шығарылған.
Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда жеке тұрғын үй секторында үш үй отқа оранды, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

12 шілде күні сағат 17:05 минут шамасында өрт сөндірушілер Медеу ауданы Латиф Хамиди көшесіне жіберілді. Жеті минутта келген сәтте үш үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі адам бар-жоғына барлау жүргізіп, қызметкерлер өрт сөндіруге кірісті, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінен.

Үш үйдің шатырындағы өртті сөндіру барысында екі адам құтқарылып, газ баллоны шығарылған.

Сондай-ақ нысандар электр қуатынан ажыратылып, полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.

Өрттің тез таралуына үйлердің тез жанатын материалдан жасалғаны себеп болды. Соған қарамастан қабылданған жедел шаралардың арқасында 280 шаршы метр аумақтағы өрт 17:34-та оқшауланып, 17:48-де сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД күш-құралдары 33 адам және 9 техника жұмылдырылды,- деп хабарлады департаменттен.

Өрттің себебі нақтыланып жатыр.

Жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары