$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады

Республика бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, бүкіл кезең ішінде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін төмендейді, республиканың батысында негізгі фон +25+35°С болады, – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады.
"Қазгидромет" РМК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары