$ 482.77  509.71  5
Жаңалықтар 17.07.2023 сағат 11:00

Чемпиондар лигасы: «Астана» футбол клубы Тбилисиге аттанды

Ойын 19-шілдеде Астана уақытымен кешкі сағат 22.00-де басталады.
Чемпиондар лигасы: «Астана» футбол клубы Тбилисиге аттанды
Фото: sports.kz

«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік штабы Тбилисиге аттанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл елде елордалық команда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті “Динамо Тбилиси” командасына қарсы қарымта кездесуін өткізеді. Ойын 19-шілдеде Астана уақытымен кешкі сағат 22.00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен алғашқы ойында «Астана» командасы грузиялық клубпен 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар