Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаманкөл ауылындаі төрт жасар баланы құтырған түлкі тістеп алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Баланың отасымен бірге ферма маңындағы өзенге шомылып жатқан. Кенет қамыс арасынан жүгіріп шыққан түлкі балаға тарпа бас салған.
Жыртқыш өлтіріліп, ұшасы зерттеуге жіберілді. Талдау көрсеткендей, жабайы жануар құтырма ауруын жұқтырған болып шықты.
Оқиғадан кейін мұрны, маңдайы және беті жараланған бала Қобда ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ оның жамбасы мен балтырында, самай аймағында тырнақ ізі қалған.
Бала құтырмаға қарсы екпе алады, профилактикалық ем 28 күнге созылады. Балаға ауыл дәрігері қарап жатыр.
Шаруа шаруашылығында 21 күн карантин жарияланды, ауылдан мал шығаруға және әкелуге болмайды. Ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді сыртқа шығаруға болмайды, - деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.