$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстауда далада төгілген мұнайға түйе түсіп өліп қалған

Бұл 2020 жылдан бері келе жатқан мәселе.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қазнетте түйенің мұнай шалшыққа батып, өліп қалғаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр "Шалба" учаскесіндегі ұңғымадан мұнай төгілу мәселесі осыдан үш жыл бұрын туындағанын айтты.

Бұл 2020 жылдан бері келе жатқан мәселе. Учаскенің жаңа операторы осыдан бірнеше күн бұрын анықталды. Жаңа оператор жерге тазалау жұмыстарын жүзеге асыруы қажет болады. Мәселе бақылауда, - деп жазды Зульфия Сүлейменова Instagram-парақшасында.

Толығырақ ақпаратты Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті берді.

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов өз кезегінде "Шалба" учаскесінде мұнай төгілуіне байланысты департамент құзырлы органдарға бірнеше рет жүгінгенін айтты.

Ол Энергетика министрлігі өткізген пайдалы қазбалар кен орындарын игеру конкурсында "АРК Петролеум" ЖШС жеңімпаз атанғанын атап өтті. Руслан Төкеновтың айтуынша, компания "Шалба" учаскесінде тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, ол үй жануарларының өлекселерін жою тиісті жергілікті атқарушы органдармен және ветеринариялық инспекциямен бірлесіп жүргізілетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары