$ 494.87  520.65  4.91

Балаларға берілген басымдықтарға шолу II

Ерекше күтімді қажет ететін балалар мен ауыл-аймақтағы бүлдіршіндердің де жай-күйі нысанадан тыс қалмайды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Одан бөлек, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек те аз емес. Мұның бәрі алдымен сол отбасында тәрбиеленіп жатырған бүлдіршіндердің игілігі үшін. Мәселен, жыл басталғалы бері орташа есеппен алты жүз мыңдай отбасыға 170,3 млрд теңгені құрайтын қаржы бөлінді. 

Соның ішінде мамыр айында 553,8 мың отбасы 34,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алды, - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл төлем мөлшері әр отбасындағы бала санына қарай шақталып төленеді. Сондай-ақ, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-ана табыс көзін растамастан мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Бір ғана шарт - бала кәмелет жасынан аспауы керек, асқан жағдайда күндізгі бөлімде оқитын студент екенін растаулы қажет. Осы тұста тағы бір қуантарлығы ағымдағы жылдан бастап жоғарыда айтылған көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың көлемі он пайызға дейін артқандығы. 

Бұдан бөлек елімізде алименттің мөлшері қайта қаралуы мүмкін. Өйткені, оның артында балалардың дұрыс өмір сүру деңгейі тұр. Кейбірінің жағдайы алимент төлеуге жетсе де, табатын табысы мен мал-мүлкін жасырып мойнындағы міндетінен жалтарып жатады. Мұндай жағдайдың алдын алып, бала өзіне тиісті көмекті ала алу үшін төленетін алимент мөлшерін қайта қарау дұрыс шешім. 

Кейбір борышкерлер нақты қаржылық мүмкіндіктері бола тұрып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді. Бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге жол береді. Әдетте, бұл борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 000 теңге белгілейді, - деді Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев.  

Ерекше күтімді қажете ететін балалар мен ауыл-аймақтағы бүлдіршіндердің де жай-күйі нысанадан тыс қалмайды. Мәселен жақында ғана ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы тақырып аясында сөз қозғады. 

Ерекше балаларға жане ауылда тұратын баларға арналған инфрақұрылымды дамыту керек. Балалардың 47 пайызы ауылда тұрады, алайда ауылдардың көбінде балаларға арналған инфрақұрылым саны жеткіліксіз, - дейді Д. Зәкиева.

Жоғарыда аталған жұмыстың барлығы бас аяғы екі айда жүргізілді. Бұл  - балалардың басты назарда екенінінің айқын көрсеткіші. Ел боламын десең, бесігіңді түзе ұстанымынан айнымай келе жатырған мемлекетіміз біздің ертеңгі болашағымыз бүгінгі жас ұрпақ екенін жақсы түсінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары