$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Диапазон
Фото: Диапазон

Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 20 шілдеде шамамен сағат 19:40-та Қарғалы тұрғын алабында болған.

«Сәтбаев пен Құрғұлов көшелерінің қиылысында бір автобус пен екі жеңіл көлік, атап айтқанда, «ВАЗ 21074», «Chevrolet Cobalt» және «ПАЗ-32053» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан көліктердің біріндегі жолаушы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары