$ 494.87  520.65  4.91

Еліміз бойынша 11 судья қызметінен босатылды

Президент Жарлығы қол қойған күннен, яғни17 шілдеден бастап күшіне енді.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Президент Жарлығымен еліміздің бірнеше қаласы мен облыстарындағы соттардың судьядары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарлыққа сай қызметінен кеткендер:

- Отставкаға кетуіне байланысты Шымкент қаласы сотының судьясы Жамашов Низамиддин Қазыбайұлы;

- Отставкаға кетуіне байланысты Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Қанат Болатұлы Махметов;

- Отставкаға кетуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы Төлесбай Самат Нүкеұлы.

- Отставкаға кетуіне байланысты Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Пернекұлова Жанира Айдарбекқызы.

- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының төрағасы Шалабаев Олжас Серікұлы;

- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Арлан Ермекбайұлы Қосжанов.

- Отставкаға кетуіне байланысты Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Башенова Гүлсұлу Мырзағалиқызы.

- Отставкаға кетуіне байланысты Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Айтжанов Қайыржан Мейірханұлы отставкаға кетуіне байланысты;

- Отставкаға кетуіне байланысты Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының судьясы Оралбекова Қорлан Қуанышбекқызы.

- Отставкаға кетуіне байланысты Павлодар қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Нуркиев Асхат Габдрауфович.

Президент Жарлығы қол қойған күннен, яғни17 шілдеден бастап күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары