$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында әскери көлік апатқа ұшырады: 3 сарбаз ауыр халде

Жол көлік оқиғасы бүгін "Тараз-Шымкент" тас жолында орын алған. Бұл туралы Тараздағы №1 аурухананың бас дәрігеріне сілтеме жасап Informburo.kz порталы мәлімдеді. Ауруханаға 16 сарбаздың жеткізілетіні туралы ақпарат дәрігерге сағат 11:38-де келіп түскен.

"Иә, расымен де бізге 16 науқас жеткізілді. Барлығы да сарбаздар. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Үш науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуіне ота жасалды. Науқастардың қабырғалары сынған, ішкі мүшелері зақымданған және бас сүйегінен жарақат алған. Тағы екі науқас жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр. Қалған 11 сарбаз ауруханаға жатқызылған жоқ, оларға тек медициналық тексеру жүргізілді", - дейді Тараз қалалық №1 аурухананың бас дәрігері Мавлюда Бокаева.

Науқастардың барлығының жағдайы бір қалыпты. Ал, Қорғаны министрлігі болса болған жайт туралы пікір білдіруден бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары