$ 447.4  477.55  4.76

Павлодарда 2 апта бұрын жоғалып кеткен такси жүргізушісі әлі табылған жоқ

47 жастағы Игорь Потипакты туыстары соңғы екі аптадан бері іздеп келеді, алайда нәтижесіз. Олардың айтуынша, ер азаматтың еш себепсіз мұншама ұзақ уақытқа өздігімен кетіп қалуы мүмкін емес. Оның жоғалуына көлігі де себеп болуы мүмкін дейді туыстары.

"Игорь жеке көлігімен такси болып ақша табатын. InDriver жүйесі арқылы да тапсырыстар қабылдайтын. Оның көлігі - 2005 жылы шыққан Toyota Camry. Біз оны өзімізше іздеп таппақ болдық. Көшедегі бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Белгілісі, ол қаладан шығып кетпеген. Егер көрген-білген адамдар болса хабарласуларын өтінеміз. Міне, осымен 12 күннен бері біз оны таппай жатырмыз", - дейді Игорьдің құрбысы Эльза Чмыхало.

12 ақпан күні Потипактың отбасы құқық қорғау органдарына арыз жазыпты. Енді такси жүргізушісін полицейлер іздеуге кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары