$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6.
Google Карта
Google Карта

Түркістан облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

ҰЯО ГЗИ деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері 2023 жылғы 27 шілдеде Астана уақытымен сағат 05:52-де Шардарадан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелген. Магнитудасы 4,1 болады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6.

Еске салайық, 22 шілдеде Алматы сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстікке қарай 299 шақырым жерде орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары