Алмасбек Садырбай. Таныстыруды қажет етпейді. Шаруа, қоғам белсендісі. Ойындағысын жасырмайды, бетке айтады, әділетсіздікті жаны сүймейді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Содан болар жиі басы дауға қалады. Бір кездері Талдықорған әкімі орынбасарының мұрнын бұзды. Бір ай түрмеде отырып шықты.
Не үшін десеңіз, әлдекімнің өзінен пара сұрағаны үшін. Жергілікті халық араша түспегенде сотталып кететін еді… Енді қазір Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Президентті алдады дейді. Бұл қалай сонда? Президентке де ақпарат бұрмаланып жеткізілетін болып тұр ма?
Хабар барысында бәрін ашып айтады. Көрейік…