$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында жолдардан 8 мыңнан астам ақау анықталды

52 лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі бойынша жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да құрылыстарды немесе жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын бүлдіргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Фото: ҚР ИИДМ
Фото: ҚР ИИДМ

Жыл басынан бері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысының автомобиль жолдарына қатысты 1 284 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 11 804 шақырым жол тексерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру барысында облыстың автожолдарынан 8 198 ақау анықталған. Тексеру нәтижелері бойынша жол мекемелерінің басшыларына қатысты орындауға 1284 нұсқама берілсе, автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға 529 ақпарат жіберілген.

Көлік жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 218 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Меркі және Мойынқұм ауылдық округтерінің, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және Тұрар Рысқұлов ауданының мамандары, Байзақ ауданының ауылдық округтерінің әкімдері және заң фирмалары бар, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Николай Сон.

ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша жолдарда жұмыстарды жүргізу, жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 145 лауазымды, 15 жауапты тұлға осы іс-әрекеті үшін, ал салдары жол-көлік оқиғасына әкеп соққаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 2-бөлігі) жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ 52 лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі бойынша жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да құрылыстарды немесе жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын бүлдіргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған. Ал Тараз қалалық Полиция басқармасы берген нұсқамаларды орындамағаны үшін Шу және Меркі аудандарының полиция бөлімдерімен ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша ауданның автожолдарын күтіп ұстауға жауапты 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары