$ 450.79  482.21  5.05

Қазақстанда бразилиялықтар мен нигериялықтар заңсыз жұмыс істеп келген

Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты.
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Қазақстанда заңсыз жүрген Нигерия мен Бразилия азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Нигерияның 12 азаматы елімізде заңсыз жұмыс істеген. Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты.

Жалпы, бір аптада басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жазаға тартылып отыр.

Шет елдің 104 азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары