$ 489.06  536.21  5.05

Антикор экс-вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады

Тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің 2023 жылғы 31 шілде күні таратқан мәліметінше, Тимур Тоқтабаев Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда.

Нәтижесінде оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған. Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұған қоса Бас прокуратураның айыпталушы Тимур Тоқтабаевты сотқа бергені мәлім болды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары