$ 449.58  486.94  4.86

Астанада екі күн бойы антитеррорлық оқу-жаттығу жиындары өтеді

Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 2017 жылдың 13-14 ақпан күндері Астана қаласының аумағында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлайды.

Аталған шаралар террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындағанда мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталған.

Оқу-жаттығу шеңберінде қаланың жекелеген учаскелерінде халықтың және көлік құралдарының жүріп-тұруына шектеу енгізілуі мүмкін.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын жүргізіліп жатқан жаттығуларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары