$ 498.51  522.84  4.81

Қарағандыда боранды күнде далаға шыққан мүгедек жан жоғалып кетті

Қарағандыда боран соғып тұрғанда далаға шыққан үшінші топ мүгедегі хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

«Амандық Әкімжановтың жоғалып кету фактісі бойынша іздеу шаралары жүргізілуде. Оол үйінен шығып кетіп, қазіргі уақытқа дейін үйіне оралмағаны анықталды», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Жоғалып кетердің алдында ер адам банкоматтан 20 мың теңге алып, ақшасының жартысына азық-түлік сатып алған. «Амандық азық-түлікті әкеліп, біраз уақытқа бөгелетінін айтып үйден шығып кеткен. Содан бері 11 күн өтті, ол туралы ешбір жаңалық жоқ», - деді оның әпкесі Жазира Әкімжанова. Әйел оның құлдыққа жегу үшін алып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

«Ол көңілді, ешкімге зияны жоқ момын жан. Оны қыстаққа тегін жұмыс істету үшін алып кетуі мүмкін», - деді әйел. Ер адамның екі кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар.

Амандық Әкімжановтың белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа. Басында отадан кейінгі тыртығы бар. Ерекше белгілері: оң көзі қитар, үшінші топ мүгедегі. 3 ақпанда далаға күнқағары бар қоңыр түсті кепка, ашық қоңыр түсті тон, көк джинсы, қара бәтеңке киіп шыққан. Оның қай жерде екенін көріп, білген адамдар болса, -705-251-75-57 не 102 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары