$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртке қатысты бірқатар шара қабылданды

Қазіргі кезде жағдай тұрақты.
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Алматы қаласы Ақкент шағын ауданындағы  №54 көпқабатты тұрғын үйде болған өртке қатысты бірқатар шара қабылданып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, аудан әкімі А. Қалдыбековтің төрағалығымен №54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған ТЖД, ПБ, прокуратура, ҰҚК, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді;

- Жедел штабтың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды;

- Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;

- Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнеу ұйымдастырылды (178 лицейдің қонақ үйі мен спорт залы);

- Алматы қаласының құтқару қызметі арқылы 250 төсектік төсемдер мен матрацтар ұйымдастырылады;

- Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;

- Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді, оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттенді;

- Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;

- Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507 
3989820;

- Зардап шеккендерді уақытша тұрумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;

Қазіргі уақытта барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істейді, аудан әкімі А. Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық және аудандық қызметкер оқиға болған жерде. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары