$ 494.87  520.65  4.91

«Техникалық байқау» құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады

1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.
Фото: alegria-service.com
Фото: alegria-service.com

Көлік жүргізушілерінің қағаз жүзіндегі «техникалық байқау» құжаты таяуда цифрлы форматқа ауыстыралы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке қарағанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алған.

Енді «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады.

Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.

Бұл жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режімде тексеруге болады.

Айта кету керек, цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сенімі артады.

Бұл ретте биыл көктемде VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкіметке цифрландыруды күшейтіп, бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуды тапсырағанын естеріңізге сала кетейік, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары