$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда туған қызын зорлаған әскери қызметкер ең қатаң жазаға кесілді

Қыз мұны анасына айтудан қорыққан, бірақ анасы мұны білген бойда полицияға арыз жазған.
© Sputnik / Андрей Старостин
© Sputnik / Андрей Старостин

Ақтаудағы № 25 744 әскери бөлімінің бұрынғы сержанты 11 жасар туған қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры хабарлады.

1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы әскери қызметкерге қатысты үкім шығарды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігі бойынша өзінің 11 жасар туған қызын зорлағаны үшін оған өмір бойына бас бостандығынан айыру және химиялық кастрациялау жазасы тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

"НеМолчиKZ" қорының мәліметінше, ажырасып, басқа әйелге үйленген педофил қызын алып кетіп, жалдамалы пәтерде зорлаған. Қыз мұны анасына айтудан қорыққан, бірақ анасы мұны білген бойда полицияға арыз жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары