Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан таралатын антициклон жақын арадағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ойдағыдай жазғы ауа-райын ұстап тұратын болады, деп хабаралайды «Казгидромет».
Жеке аудандарда республиканың батысында және шығысында 7-8 тамызда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр болуы ықтимал, қалған аумақтарда ала бұлтты және жауын-шашынсыз.
Күндіз ауа температурасы солтүстікте және шығыста +23...+32º, Қазақстанның орталығында +27...37º дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +32...+39º дейін, батыста +30...+37º, кей жерлерде +42º дейін ысиды.