$ 498.51  522.84  4.81

Әлемде алғаш рет ұшатын автомобиль сатылымға шықты

Нидерландыда әлемде алғаш рет ұшатын автокөлік сатылымға шығарылды. PAL-V Libertу деп аталатын модельдің құны 499 мың еуродан басталады, яғни 174 миллион 650 мың теңгенің шамасы.

Ұшатын осынау көлік алғашында 90 мың дана тиражбен шығарылады. Сатылым сәтті өтсе бұл көлем ұлғаюы да мүмкін. Ал, ең алғашқы клиенттер ерекше автокөлікке тек 2018 жылы ғана қол жеткізе алады.

PAL-V Libertу көлігінің екі қозғалтқышы бар. Бірі жолда жүруге арналса, екінші ұшуға лайықталған. Автомобильдің ұшу аппаратына айналу уақыты шамамен 5-10 минуттың аралығын құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары