$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте ірі жол көлік оқиғасы орын алды

Шымкент іргесіндегі тас жолда ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Салдарынан 5 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.

Оқиға Шымкенттен шыға беріс жердегі Ленгер елдімекеніне апарар жолда орын алыпты. Mercedes пен Volkswagen Passat көліктері соқтығысып, екеуі де жолдан шығып кеткен.

Жараланған алты адамның барлығын жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізіпті. Олардың қатарында жүкті әйел де бар. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр екен. Әзірге болжам айтуға ерте дейді дәрігерлер.

Оқиға орнына келген полицейлер мән-жайды анықтап жатыр. Олардың айтуынша, «Мерседес» көлігін тізгіндеген 1994 жылғы жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Фольцваген Пассат» көлігімен соқтығысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары