$ 441.58  480  4.86

Батыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті

Бұған дейін облыста 6 адам суға кеткен болатын, олардың бәрі де – ересектер.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Батыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 5 тамыз күні Бәйтерек ауданы Жайық-2 елді мекені маңында болды.

«Карьер» жасанды су қоймасында «Miami park» демалыс аймағында («Али» жеке кәсіпкерлігінің жеке жағажайы биылғы 6 шілдеде ашылған) сағат 17.40-та 16 жасар жасөспірім суға кетіп қалған. Оның денесін жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19.00-де судан шығарды.

Сондай-ақ, кеше сағат 19.11-де Орал қаласында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ ауданында құтқарушылар 44 жастағы ер адамның денесін шығарды. Ол досымен бірге суда жүзіп жүргенде батып кеткен. Сосын оны досы Жайық өзенінің арғы бетіне шығарып қойған. Құтқарушылар мәйітті бергі бетке шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Тағы бір оқиға Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі «Дөңгелек» су қоймасында болды. 31 жастағы ер адам 4 тамыз күні сағат 22.00-де қайықпен суда жүзіп, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Қайық судан табылған. 5 тамыз күнгі сағат 10.42-де іздестіру жұмыстары басталып, оның денесі бүгін 07.50-де табылды. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін облыста 6 адам суға кеткен болатын, олардың бәрі де – ересектер.

Соңғы күндері өңірде қатты ыстық болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары