$ 442.05  474.14  4.74

Адамзат тарихындағы ең ірі тіршілік иесі Перуден табылды

Оның салмағы 340 тоннадан асады.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Адамзат тарихындағы ең ірі жануар Перуден табылды. Кит 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ұзындығы – 20 метр, ал салмағы 340 тоннадан асады.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, бұған дейін Аргентинадан табылған динозавр әлемдегі ең ірі жануар деп есептеліп келген еді. Оның салмағы 76 тонна болған.

Перуден табылған кит теңіздің жағаға жақын бөлігінде тіршілік еткен. Әзірге бұл киттің бас сүйегі табылған жоқ. Бірақ жамбасы, 12 омыртқасы мен 4 қабырғасы бар. Мұның өзі бізге көп ақпарат береді, - деді палеонтолог Родолфо Салас Гисмонди.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тарих #Перу