$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді

Полицейлер бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын тапты.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Жігіттен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары