$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 07.08.2023 сағат 11:40

Пәкістанда пойыз рельстен шығып, 30-дан астам адам қаза тапты

Олардың саны артуы мүмкін.
Пәкістанда пойыз рельстен шығып, 30-дан астам адам қаза тапты
Фото: twitter/@channelstv ·

Пәкістанның оңтүстігінде пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 30 адам қаза тауып, 60 адам жараланды. Құтқару жұмыстары кезінде апат құрбандарының саны артуы мүмкін, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Пәкістанның оңтүстігінде пойыздың рельстен шығып кетуінен қаза тапқандардың жалпы саны 30 - ға дейін, жараланғандар саны 60-қа дейін өсті.

Сарапшылардың пікірінше, құтқару жұмыстары кезінде құрбан болғандар саны артады.

Теміржол қызметінің жетекшісі Махмудур Рехман Лахо хабарлағандай, Равалпиндиге баратын пойыздың он вагоны рельстен шығып кетті, ал кейбіреулері Пәкістанның Навабшах қаласының маңында аударылып, көптеген жолаушы қысылып қалды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар