6 тамыз Нэшвиллде өткен UFC турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев (18-3) ямайкалық Оде Осборнмен (12-6) айқасты, деп хабарлайды nege.kz.
Екінші раундта Алмабаев қарсыласына қылқындыру әдісін сәтті қолданды. Жекпе-жектен кейін Асуды оның бапкері Саид Сапаров арқалап алған болатын.
Жекпе-жектен кейін бірден Асу Алмабаев өз бетімен жүре алмай қалды, оған бапкері Саид Сапаров көмектесті. Асудың аяғына не болғанын сұрасақ, лоукик жасаған кезде аяғы Оде Осборнның сүйегіне тиіп, ауыртып алған. Буынын ауыртып алған болса керек, бірақ қазір өзін жақсы сезінеді, - деп жазды "Вестник MMA".