$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы қашан іске қосылады

Лицензиялық міндеттеме аясында бес жылда 3 мыңнан астам базалық станция орнатылады.
Фото: life09
Фото: life09

Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біріншіден, реттеуші әрі жауапты министрлік ретінде нарықта дұрыс бәсекелестіктің болуына ерекше мән беріп отырмыз. Бұл салаға қатысты Үкіметтің нақты тапсырмасы бар, яғни «Қазақтелеком» құрамындағы екі ұялы байланыс операторының біреуін шығару ескерілген. Қазір осы тұрғыда инвесторлармен келіссөздер жалғасып жатыр, - деді Е. Мейрамов.

Сонымен қатар ол жыл аяғына дейін 5G жиілігін сатуға арналған аукцион өткізу жоспарланғанын айтты.

Егер осы аукционда басқа инвестор жеңімпаз атанса, онда жаңа оператордың пайда болу мүмкіндігі бар, - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында тілшілер 5G базалық стансаларын орнатуға қатысты сұрақ қойды.

Лицензиялық міндеттеме аясында бес жылда 3 мыңнан астам базалық станция орнатылады. Биыл еліміздің үш қаласында 5G желісін құрамыз. Қазір Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қаласында, сондай-ақ басқа да бірқатар шаһарда 200-ден астам базалық станция қойылды, - деді сұраққа орай «Kcell» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары