$ 514.65  544.6  5.17

Түркістан облысында Сырдарияға 11 адам батып кетті

11 адам 4 ағайынды отбасының мүшелері болған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан облысында Сырдарияға шомылуға барған 11 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Оқиға Отырар ауданында болған.

Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде шомылып, батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 6 мәйітті алып шыққан.

Қазір олардың жеке басы және жасы анықталып жатыр.

Бес адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Облыстық ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі жұмыс істеп тұр. Нөмірі: 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 қайық және дрон жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Бұл - жедел ақпарат және өзгеруі мүмкін, - делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.

Сырдария өзеніне демалуға барған азаматтардың жалпы саны 20 адамды құрайды. Яғни, 4 ағайынды отбасының мүшелері табиғат аясына демалуға шыққан.

Олар - Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылының тұрғындары.

Содан суға түсуге арналмаған орында шомылған 11 адам батып кеткен.

Қосымша іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға болған жерге Түркістан облысы әкімінің екі орынбасары, Отырар ауданы әкімдігі, АПБ, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер жолданды. Қосымша ақпарат оқиғаның мән-жайы анықталуына қарай ұсынылады, - делінген Түркістан облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары