$ 441.58  480  4.86

Алматыда жүк көлігі ірі жол апатына себепші болды

Алты адам медициналық көмекке жүгінген.
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Алматыда жүк көлігі төрт бірдей көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ІІМ таратқан хабар бойынша,  Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Алматы қаласы Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан.

Аталмыш оқиға нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Бұл деректі Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері тіркеп, өндіріске енгізді.

Тиісті сараптама шаралары тағайындалды.

Алдын ала болжамға сай, ЖКО көліктің техникалық ақаулығынан болған. Жеке тасымалдау қызметін көрсететін жүк көлігінің жүргізушісі К.есімді азаматтың айтуынша, жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан.

Медициналық көмекке алты адам жүгінген, оның ішінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары