Бүгін Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тыңдауда жергілікті халық аймақтағы атом энергетикасының дамуын қолдады, сонымен қатар оның өз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары маңыздылығын атап өтті, - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Талқылауға қатысушылар АЭС-тің салынуы аймақ үшін экономикалық пайда әкелетінін айтты.
Ал АЭС құрылысын жария талқылауға қатысу үшін арнайы келген азаматтық және экологиялық белсенділер қарсы болды.
Алматы облыстық мәслихаты талқылау қорытындысы бойынша Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында АЭС салуға келісу мәселесі бойынша шешім қабылдайды, - деп хабарлады энергетика министрлігі.