Жаңалықтар 21.02.2017 сағат 04:55

Бішкектегі ұшақ апаты үшін Қырғызстан Түркиядан 195 миллион сом өтемақы талап етті

Қырғызстан "Боинг" ұшағының "Манас" әуежайының маңындағы Дачи-СУ ауылына құлауынан өтемақы талап етіп, Түркияға хат жазды. Өтемақы - 195 миллион сом (2,8 миллион доллар). Бұл туралы бірінші вице-премьер-министр Мұхамметкалый Абулгазиев мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Апат болғаннан бастап түріктермен өтемақыны өтеу туралы келіссөздер жүргізіліп келді. Түріктер әуелден қажетті көмекті беруге дайын болды. Бұған қоса, олар ата-анасыз қалған екі балаға қамқорлық жасағылары келеді», - деді Абулгазиев.

Вице-премьер тұрғындарды өтемақы өндіріп беруді ұсынғандардың жетегінде кетпеуге шақырды. Ол мемлекеттің зардап шеккендерге өтемақы өндіріп беруге мүдделі екендігін айтты.

Абулгазиевтың хабарлауынша, төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы есебіне 91 миллион сом жиналған.

Еске салайық, «Боинг-747-400» жүк ұшағы 16 қаңтарда шамамен сағат 7.20-да "Манас" әуежайына жақын маңдағы Дачи-СУ ауылына құлады. Ұшақ Гонконг - Стамбул бағытымен ұшып шыққан. Әуе апатынан 39 адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті.

Дереккөз: centralasian.org

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар