Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің әйелі Мехрибан Әлиевті республиканың бірінші вице-президенті етіп тағайындады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады РИА Новости.
Әзірбайжан конституциясына сәйкес, егер президент өзінің міндеттерін атқара алмайтын дәрежеде болса оның жұмысын уақытша бірінші вице-президент атқарады. "Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев республиканың бірінші вице-президенті ретінде Әлиева Мехрибан Арифқызын бірінші вице-президент етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды", - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр 26 қыркүйекте Әзірбайжан халқы Конституцияға өзгеріс енгізуді референдумда қолдаған болатын. Нәтижесінде, президенттік мерзім 5 жылдан 7 жылға дейін қзарып, вице-президенттің құзыреті артты. Сондай-ақ, президенттік пен депутаттыққа үміткерлердің жас көрсеткіші өзгерді.